Бүгін, 2023 жылдың 2 маусымда балабақшада мектеп жасына дейінгі балалармен "Менің елімнің рәміздері"атты тақырыптық сабақ өткізілді. Біздің күніміз мемлекеттік гимнді орындаудан басталды. Тақырыптық сабақта балаларға мемлекеттік рәміздер туралы қызықты және тарихи фактілермен таныстырылды, балалар қазақтың ұлттық ойындарын ойнады. Тақырыптық сабақ асфальтта рәміздер элементтерін салумен аяқталды. Іс-шарада барлық қатысушылары белсенді болды, сұрақтарға қызығушылықпен жауап беріп, ойнады және сурет салды. Ересек топтардың балаларымен Мемлекеттік рәміздер туралы әңгіме және танымдық ойындар өткізілді.